Tag Archives: Түркия

8 КЕЗЕҢ : 50-ШІ ПРЕЗИДЕНТТІК ТҮРКИЯ ТУРЫ:: ISTANBUL – ISTANBUL 121KM

“Соңғы шақырымдарда оң жақтан қатты жел соқты. Сондықтан мен өзімнің спринтірлік шабуылымды соңғы 200 метрде бастаған болатынмын. Бірақ Марк менен айласын асырып кетті де, мәреге бірінші келуге мүмкіндік туғызған  орынға иелік етті.

Мен өзімнің осы аптада көрсеткен нәтижеме көңілім толады. Өз бабыма келдім. Команда барынша жеңіске жетуге тырысты, бірақ бұл жарыс спринтерлер үшін өте ауыр жарыс болды” –

Түркия турының соңғы 8-ші кезеңінде мәреге үшінші келген Андреа Гуардини.

Astana Pro Team Түркия турын Марк Кавендиш, Элиа Вивиани сынды спринтерлерге қарсылық көрсеткен команда ретінде  аяқтады. Гуардини қайсарлық танытып Андрей Грайпель мен Тео Бостың алдын орап, жеңіс тұғырында көрінді.

Жалпы есепте Александр Дьяченко жарысты 12-ші сатыда аяқтап, жеңімпаз Адам Ятестен 1:35 минут артта қалды.

3 КЕЗЕҢ : 50-ШІ ПРЕЗИДЕНТТІК ТҮРКИЯ ТУРЫ:: ФИНИКЕ-ЭЛМАЛИ – 185KM

“Элмалыдағы алғашқы шабуыл тым ерте басталды, бірақ оған ешкім назар аудара қойған жоқ. Бірақ 6 шақырым қалғанда жарыс жолын жақсы білетіндер үшін жауапты сәт туды.

Екі шабандоздың шабуылы нәтижесі бірінің жеңісімен аяқталды, ал олардың артында келе жатқан шабандоздардың жанында көмекші болмағандықтан, олар қашқындарды қуып жетуге құлықты болған жоқ ”-

Түркия турының 3-ші кезеңінде Александр Дьяченко.

Ол 11 шабандоздан құралған топ қатырында мәреге жеңімпаздан кейін 48 секундттан кейін келді.

Биылғы Түркия туры  былтырғы жылдарға қарағанда таулы кезеңдерге толы. 4-ші кезеңде “Астананың” жеңіске жетуге тағы бір мүмкіндігі болады. Валентин Иглинский сәрсенбі күні өтетін жарыстың мәресіне 10 шақырым қалғанда тауда алдыңғы қатарда болып, төмен түсу кезінде жеңіске таласып көруі тиіс.

1 КЕЗЕҢ: 50-ШІ ПРЕЗИДЕНТТІК ТҮРКИЯ ТУРЫ :: АЛАНЬЯ-АЛАНЬЯ – 141KM

“Түркия турының алғашқы кезеңі тамаша көңіл күймен басталды. Жарқыраған күн, теңіз жағалауы, ауа температурасы 30 градус шамасында. Таулы кезеңдерде жеңіске таласуға дайынбыз. 3-ші кезең біздің бабымызды сынақтан өткізетін тартысты жарыс болмақ.

Валентиннің дайындығы жоғарғы деңгейде. Дьяченкода өз бабында болуы тиіс. Биыл кезеңдердің қашықтығы ұзарған, жаңа көтерілулер қосылды. Жарыс тартысқа толы болады”.

Туркия турының 1-ші кезеңінен кейін Дмитрий Муравьев.

Оның командаласы  Андреа Гуардини мәреге 9-шы келді.

Осымен 50-ші рет ұйымдастырылған Түркия турына команданы Валентин Иглинский мен  Александр Дьяченко бастап шықты. Ұйымдастырушылар кезеңдік жарыс барысы шабандоздар арасындағы таластан бөлек қызықты мерейтойлық шараларға да толы болатынын атап өтуде.

Муравьев Түркияға Қазақстанда өткізген жаттығу жиынынан келді, ал команданың басым бөлігі Аланияда бір апта бұрын жиналып дайындықтарын пысықтаған болатын.