“Маған подиумға көтерілу үшін тек 10 сантиметр жетпеді” – деді Валерио Аньоли жексенбіде Испаниядағы Альмерия Классикасында финишке төртінші болып жеткеннен соң –
Команда Валерио Аньолиге дәл финалдық спринтке дейін жалпы топтың басында болуға көмектесті, мұнда ағылшын шабандозы Марк Кавендиш жеңіске жетті –
Күні бойы қатты жел пелотонды кішкене бөлшектерге шашумен болды, бірақ финишке 40 км қалғанда Astana Pro Team шабандоздары бір-бірін тауып топтың басында жиналды –
Испаниядағы екі бір күндік жарыстардан кейін сәрсенбіде Португалияның оңтүстігінде бес күндік Вуэльта Алгарве басталады –