3 КЕЗЕҢ : ПИКАРДИЯ ТУРЫ :: КАП’ЭНА-ШАМУЙ – 170KM

“Мен артыма қарағанымда Дьяченконың құлап жатқанын көзім шалды. «Квикстеп» командасының өкілі оның үстінде жатыр екен.

Біздің келесі жарыстарымыздың басты мақсаты Азия чемпионатына дайындық жүргізу. Маусымдағы басты мақсатым құрлық біріншілігінде топ жару”-

Пикардия турының 3-ші кезеңінде Валентин Иглинский.

Кезең барысында оның командаласы Александр Дьяченко құлап, бұғанасын сындырып алу себебінен жарысты тоқтатуға мәжбүр.

Иглинский командаластарының көмегімен мәресі биіктігі 500 метр болатын тау төбесінде белгіленген жарыс барысында  алға шығуға ұмтылған. Жарыс профилі  Иглинскийдің үйреншікті әдісіне сәйкес келетін, алайда жарыс жолын бес саусақтай жатқа білетін жергілікті команда «Астананың»  алдын орап кетті.

Дьяченко Испанияға оралып, жексенбі күні ота жасату мақсатында емханаға аттанды. Бұан дейін оның жарыс жоспарында Швейцария турына қатысу көзделген еді.