3 КЕЗЕҢ : БАСК ЕЛДЕРІНІҢ ТУРЫ: УРДАКС-ВИТОРИЯ – 194КМ

“Алға ұзаған топты бақылауды бір де бір команда өз мойнына алғысы келмеді.  Мәреге жеткенше барлығы да қарсыласпен арадағы таласты жалғыз өздері атқарды. Бас жағында мен оңтайлы орында келе жатқанмын, бірақ көп кешікпей «Орика» командасының өкілі сол жақтан жолымды жауып тастады.

Ертең жарыстағы ең ауыр кезеңдердің бірі, барлығымыз Ландаға көмектесеміз. Жарыс оның отанында өтіп жатқандықтан, командада көш бастауға ниет білдірді”-

Баск елдері турының 3-ші кезеңінен кейін Максим Иглинский.

Ол командаласы  Энрико Гаспароттомен бірге  8-ші және 9-шы орындардан көрінді.